Рус | Қаз | Eng

НКОК Н.В. жедел желісінің сайтына қош келдіңіз!

 

НКОК Н.В. беделге зор мән береді және өзінің қызметкерлері мен контрагенттерінен әдеп пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстануға талап етеді.

​Жедел желі – НКОК Н.В. компаниясының қызметкерлеріне немесе онымен іскерлік қарым-қатынастары бар үшінші тұлғаларға байланысты алаяқтық, заңсыз немесе теріс әрекет туралы құпиялы түрде хабарлау мүмкіндігі.

Сіз хабарламаңызды келесі тәсілдермен хабарлай аласыз:​

  • төмендегі «Хабарлама қалдыру» батырмасын басу арқылы; немесе

  • ncoc.hotline@deloitte.kz электрондық поштасына хат жіберу арқылы; немесе

  • 8 800 080 15 65 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы.

Барлық хабарламаларды құпиялық пен анонимділікке кепілдік беретін (егер Сіз анонимді болып қалғыңыз келсе) тәуелсіз компания қабылдап, өңдейді. ​Өңделген хабарламалар НКОК Н.В. компаниясының жауапты тұлғаларына беріледі және олар ондай хабарламалардың кәсіби және құпиялы түрде қарастырылуын қамтамасыз етеді.

Ескеріңіз! Сіздің сұратуыңызға тиімді әрі уақтылы жауап қайтару үшін келесі критерийлерге назар аударыңыз:

  • Жылдам болыңыз – теріс жағдай орын алғаны сізге мәлім болған кезде ол туралы дереу хабарлаңыз;

  • Бейтарап болыңыз болуы тиіс – өзіңіздің көзқарасыңыз немесе пайымдауыңызды емес, тек нақты фактілерді көрсетіңіз;

  • Ақпараттың толық әрі нақты болу керектігін ұмытпаңыз – Сізге белгілі деректерді барынша сипаттаңыз (күні, қызметкерлер және олармен байланысты тұлғалардың аттары мен лауазымдары, компаниялардың атаулары, мекенжайлары және т.б.);

  • Растау ұсыныңыз – баяндалған фактілерді растаушы құжаттармен, ондай құжаттарға сілтемелермен қоса беріңіз немесе оларды растай алатын тұлғаны көрсетіңіз.

Жедел желінің жұмысы жайлы толығырақ ақпарат алу үшін «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімін қараңыз.

Маңызды! Бұл жедел желі шұғыл көмек көрсету қызметі болып табылмайды. Егер Сіз хабарлағыңыз келген жағдай біреудің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, тиісті шұғыл көмек көрсету қызметіне қоңырау шалыңыз.

Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!