Жиі қойылатын сұрақтар

 

1. Жедел желі не үшін қажет?

 

Жедел желі – бұл НОРТ КАСПИАН ОПЕРЕЙТИНГ КОМПАНИ Н.В. және оның клиенттері мен серіктестері арасында диалог орнату құралы. 

 

Жедел желі Сізге НКОК қызметкерлері тарапынан жасалған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу жағдайлары туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік фактілері туралы құпиялы түрде хабарлауға мүмкіндік береді.  

 

2. Мен қандай құқық бұзушылықтар туралы хабарлай аламын?

 

Жедел желі арқылы хабарлауға болатын құқық бұзушылық түрлерімен танысыңыз:

  • сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұрлық фактілерін дайындау немесе жүзеге асыру;

  • мүдделер қақтығысымен сипатталатын жағдайлар;

  • билiк пен қызмет бабын асыра пайдалану;

  • заңсыз қаржылық операциялар;

  • қаржылық және басқару есептілігін бұрмалау;

  • кемсітушілік;

  • әлеуметтік-еңбектік қақтығыстар;

  • іскерлік әдеп кодексінің нормаларын бұзу;

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын бұзатын басқа да әрекеттер немесе әрекетсiздiк.

 

Көрінеу жалған деректер тарату үшін хабарлаушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.  

 

3. Жедел желі бойынша хабарламаны қай әдіспен жіберген жөн?

 

Хабарламаны өзіңізге ыңғайлы болатын әдіспен жіберуіңізге болады:

 

  1. 8 800 080 15 65 нөмірі бойынша жедел желіге қоңырау шалу

  2. ncoc.hotline@deloitte.kz электронды поштасына хабарлама жіберу

  3. ncoc.deloitte-hotline.com сайтында хабарлама қалдыру

 

Барлық көрсетілген байланыс түрлері тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді.

 

 

4. Хабарламада қандай ақпаратты көрсеткен жөн?

 

Хабарламаны қарастыру кезінде бізге көмектесе алатын ақпаратты көрсетуге өтінеміз:

  • Оқиғаның мәні;

  • Оқиға қайда және қашан орын алды (бөлімшені, мекенжайды, күні мен уақытын көрсетіңіз);

  • Сізге оқиға туралы қалай мәлім болды;

  • Оқиғаға қатысы бар НКОК қызметкерлері немесе контрагенттері;

  • Оқиға қазіргі уақытта жалғасып жатыр ма әлде аяқталды ма? Оқиға аяқталған болса, күні мен уақытын көрсетіңіз;

  • Хабарламада көрсетілген ақпаратты растайтын дәлелдер (құжаттар, қатысушылардың аты-жөні, байланысу деректері, хат алысу, фотосуреттер және басқа да растаушы құжаттар);

  • Сіз хабарлағыңыз келген басқа да қосымша ақпарат.

5. Жедел желі бойынша келіп түсетін хабарламаларды кім өңдейді?

 

Алынған ақпараттың құпиялылығы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, жедел желі арқылы келіп түсетін хабарламаларды сыртқы тәуелсіз компания өңдейді.

 

6. НКОК қызметкерлерінің тарапынан алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылық жағдайлары жайлы жіберетін хабарламаларды кім қарастыратын болады?

 

Алынған ақпараттың құпиялылығы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, жедел желі арқылы келіп түсетін хабарламаларды сыртқы тәуелсіз компания өңдейді.

 

Сыртқы тәуелсіз компания күнделікті түрде келіп түскен хабарламалардың тізілімін дайындайды және оны НКОК-тың жауапты қызметкеріне жібереді.

НКОК-тың жауапты қызметкері келіп түскен хабарламаларды құқық бұзушылықтардың белгіленген түрлеріне сәйкестігіне қатысты тексереді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа шараларды қолдану қажеттілігін анықтайды.

 

Барлық келіп түсетін ақпарат қатаң құпиялы болып табылады және үшінші тұлғаларға хабарлауға немесе берілуге жатпайды.

 

7. НКОК қызметкерлерінің тарапынан алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылық жағдайлары бойынша хабарлама жіберген жағдайда құпиялықтың кепілдіктері қандай?

 

Хабарлама жіберген кезде Сіз атыңыз бен байланысу деректеріңізді көрсетсеңіз немесе КӨРСЕТПЕСЕҢІЗ болады. Хабарламалардың екі түрі де қарастырылатын болады.

 

Алынған ақпараттың құпиялылығы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, жедел желі арқылы келіп түсетін хабарламаларды сыртқы тәуелсіз компания өңдейді.

 

НКОК келесідей кепілдіктер береді:

  • Хабарламалардың құпиялылығы;

  • Хабарлаушыларға қатысты қуғындау және/немесе кемсітушілікті болдырмау;

  • Хабарлаушының мәліметтерін растайтын дәлелдерді жойған немесе жасырған тұлғаларға қатысты шаралар қолдану.

 

8. Мен НКОК қызметкерлерінің тарапынан алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылық жағдайлары бойынша хабарлама жіберген жағдайда қуғынға ұшырамауға үміттене аламын ба?

 

НКОК хабарлаушыларға қатысты қуғындау және/немесе кемсітушілікті болдырмауға кепілдік береді.

 

Хабарламада көрсетілген ақпарат, соның ішінде хабарлаушының аты мен байланысу деректері қатаң құпиялы болып табылады және үшінші тұлғаларға хабарлауға немесе берілуге жатпайды.

 

9. Жіберілетін хабарламалар қарастырылатынына үміттенуге болады ма?

 

Құқық бұзушылықтардың келесі түрлері бойынша БАРЛЫҚ хабарламалар қарастырылуға жатады:

  • сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұрлық фактілерін дайындау немесе жүзеге асыру;

  • мүдделер қақтығысымен сипатталатын жағдайлар;

  • билiк пен қызмет бабын асыра пайдалану;

  • заңсыз қаржылық операциялар;

  • қаржылық және басқару есептілігін бұрмалау;

  • кемсітушілік;

  • бизнесті жүргізудің қағидаларын бұзатын басқа да әрекеттер немесе әрекетсiздiк.

 

Көрінеу жалған деректер тарату үшін хабарлаушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.  

 

10. НКОК қызметкерлерінің тарапынан алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылық жағдайлары бойынша хабарламаларды қарастырудың мерзімдері қандай?

 

Хабарламалар келіп түскен күні өңделеді.

Хабарламаларды қарастыру мерзімі хабарламада көрсетілген ақпараттың толықтығы мен нақтылығына, растаушы құжаттардың бар болуына, сондай-ақ құқық бұзушылықтың түріне байланысты болады.

НКОК барлық келіп түскен хабарламалардың уақтылы әрі тиімді қарастырылуына мүдделі.

 

11. НКОК қызметкерлерінің тарапынан алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылық жағдайлары бойынша жіберілетін хабарламалар НКОК үшін қаншалықты маңызды?

 

Сіз жолдайтын хабарламалар НКОК үшін өте маңызды.

Сіздің хабарламаларыңыз бізге анықталған фактілер бойынша дер кезінде шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

НКОК-тың сәттілігі біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сеніміне тікелей байланысты.